30 сәуір 2022 | 10:28

"Челсиді" сатып алуға жаңа үміткер өтініш берді

© Reuters

Ұлыбританиялық миллиардер Джим Рэтклифф Лондонның Челси футбол клубын төрт миллиард фунт стерлингке (шамамен бес миллиард доллар) сатып алуға өтініш берді, - деп хабарлайды Р-Спорт.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық миллиардер Джим Рэтклифф Лондонның Челси футбол клубын төрт миллиард фунт стерлингке (шамамен бес миллиард доллар) сатып алуға өтініш берді, - деп хабарлайды Р-Спорт.

Химиялық алып INEOS көмпаниясының басшысы Рэдклифф "Челсиге" он жыл бойы 1,75 миллиард фунт стерлинг инвестиция құюды ұсынып отыр. 

"Бүгін таңертең Челсиге ұсыныс жасадық. Ұлыбританиядан өтініш берген жалғыз біз. Біздің ойымыз - Лондонда өте жақсы клуб құруға тырысу ғана. Бізде пайда табуды ойлауға еш себеп жоқ, өйткені ақшаны басқа жолмен тауып жатырмыз", - деді Рэтклифф.

Реклама
Реклама

Ол франциялық "Ницца" футбол клубына иелік ететінін де айта кеткен жөн.

"Челсиді" ресейлік миллиардер Роман Абрамович сатылымға қойған болатын. Клубты сатумен Rain Group компаниясы айналысып жатыр. 

Лондон клубын сатып алуға үміткерлердің қатарында "Формула-1" ұшқышы Льюис Хэмилтон мен теннисші Серена Уильямс, "Лос-Анджелес Доджерс" бейсбол командасының тең иесі Тодд Боли, сондай-ақ "Бостон Селтикс" және "Аталанта" НБА клубының иесі Стивен Пальюк бар консорциум бар.

Абрамович "Челсиге" 2003 жылдан бері иелік етіп келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram