15 маусым 2021 16:16

Чемпиондар лигасы: "Қайраттың" алғашқы қарсыласы белгілі болды

Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

Алматылық "Қайраттың" футболдан Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық "Қайраттың" футболдан Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швейцариялық Ньонда Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. "Қайрат" бұл кезеңде Израиль чемпионы хайфалық "Маккаби" клубымен кездеседі. 

ЧЛ бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчі 6/7 шілдеде Хайфада, қарымта ойындар 13/14 шілдеде Алматыда өтеді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының былтырғы маусымында "Қайрат" алтын медаль иеленген. Команда биыл Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысады. 

Ал қостанайлық "Тобыл", елордалық "Астана" мен қарағандылық "Шахтер" ел намысын Конференция кубогында қорғайды. Бұл клубтардың қарсыласы ертең белгілі болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram