10 наурыз 2021 09:18

Чемпиондар лигасы: Роналдудың командасы жарыс жолынан шығып қалды

© Reuters

9 наурызда Турин мен Дортмундта Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 наурызда Турин мен Дортмундта Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ювентус" "Портуды" қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Туриндіктер сапында Федерико Кьеза (дубль) мен Адриен Рабьо гол соқты. Ал португалиялық ұжым сапында Сержиу Оливейра дубль жасады. Екі голды командалар овертаймда соқты.

54-минутта "Порту" ойыншысы қызыл қағаз алып, қонақтар он футболшымен ойнады.

Реклама
Реклама

Бұл жеңіске қарамастан Криштиану Роналдудың командасы ширек финалға шыға алмады. Алғашқы ойында португалиялық клуб 2:1 есебімен жеңген. Осылайша, "Порту" сырт алаңда соққан голының арқасында келесі кезеңге жолдама алды. 

Бұл матчпен қатар өткен ойында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында "Севильямен" тең түсіп, ширек финалға шықты. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд дубль жасап, алаң иелері алда тұрған. Бірақ қонақтар сапында Юссеф Эн-Несири екі гол соғып, таразы басын теңестірді. 

"Боруссия" Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. "Севильяның" алаңында өткен алғашқы ойында дортмундтықтар 3:2 есебімен жеңген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram