18 ақпан 2021 09:13

Чемпиондар лигасы: "Ювентус" жеңіліп, "Боруссия" шабуылшысы тарихқа енді

Фото: REUTERS©

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында тағы екі матч өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында тағы екі матч өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалиялық "Порту" өз алаңында италиялық "Ювентусті" 2:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапынан Мехди Тареми (2-минут) мен Мусса Марега (46) гол соқты. Ал "Ювентус" Федерико Кьеза (82) көмегімен есеп айырмасын қысқартты. Қарымта матч 9 наурызда Туринде өтеді. 

Реклама
Реклама

Германиялық "Боруссия" сырт алаңда испаниялық "Севильяны" 3:2 есебімен жеңді. Дортмундық команда сапында Эрлинг Холанд (27 және 43-минутта) дубль жасаса, тағы бір допты Махмуд Дауд (19) салды. Алаң иелерінен Сусо (7) мен Люк де Йонг (84) көзге түсті. 

Холанд Чемпиондар лигасының алғашқы 13 матчында 17 гол соққан алғашы ойыншы атанып, рекорд орнатты. Қарымта кездесу 9 наурызда Дортмундта өтеді.

Еске салайық, 1/8 финалда бұған дейін ПСЖ сырт алаңда "Барселонаны" 4:1 есебімен жеңген, ал "Ливерпуль" "Лейпцигтен" 2:0 есебімен басым түскен еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram