Чемпиондар лигасында "Бавария" "Барселонаға" 8 гол соқты

© Reuters

14 тамыз күні кешке Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" клубы "Барселонаны" 2:8 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 тамыз күні кешке Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавария" клубы "Барселонаны" 2:8 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ойын Лиссабондағы "Эштадиу да Луш" стадионында өтті. Неміс командасының құрамынан Томас Мюллер (4 және 31-минутта), Иван Перишич (21), Серж Гнабри (27), Йозуа Киммих (63), Роберт Левандовский (82) және Филипе Коутиньо (85, 88-минутта) гол салды.

Ал испаниялықтардың ішінде Давид Алаба ( ойынның 7-минутында автогол) және Луис Суарес (57) гол соқты.

Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасының осы кезеңінде әлі күнге дейін ешбір команда сегіз гол соққан емес. "Бавария" плеф-офф матчында осынша гол салған бірінші команда болып тарихта қалды. 

Енді жартылай финалда "Баварияның" қарсыласы "Манчестер Сити" - "Лион" ойынының жеңімпазы болмақ. Бұл командалар 15 тамызда ойнайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама