29 мамыр 2022 | 14:50

Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен "Реал" УЕФА-дан қанша сыйақы алады?

Фото: Reuters©

Marca басылымы Чемпиондар Лигасының қорытындысы бойынша клубтар қанша сыйақы алатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Marca басылымы Чемпиондар Лигасының қорытындысы бойынша клубтар қанша сыйақы алатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

УЕФА осы маусымдағы үш еурокубок қатысушылары арасында 2,7 миллиард еуроны бөледі. Олардың 2,03 миллиарды Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогында өнер көрсеткен клубтар арасында бөлінеді.

465 миллион Еуропа лигасының қатысушыларына, ал 235 миллион конференция лигасына қатысқан клубтарға беріледі.

Реклама
Реклама

Чемпиондар лигасына қатысқаны үшін әр команда 15,64 миллион алады. Сонымен қатар, әр жеңіс үшін 2,8 миллион, тең ойын үшін 930 мың евро төленеді.

1/8 финалға қатысушылар 9,6 миллион еуродан алады. Ширек финал - 10,6 миллион, жартылай финал - 12,5 миллион. Ал финалистер - 15,5 миллион еуродан.

Оған қоса, УЕФА-ның соңғы он жылды ескере отырып, әр команданың коэффициенті бойынша бөлінетін 600,6 миллион еуро көлемінде қоры бар. Кімде коэффициент ең төменгі болса, 1,1 миллион, ең жоғарысы 36,4 миллион алады. Қазіргі рейтингте бірінші орында "Реал Мадрид", одан кейін "Бавария", "Барселона" және "Атлетико" тұр.

Осылайша, Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульді" жеңген "Реал" 123,8 миллион еуро көлемінде сыйақы алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная