Чемпиондар лигасының финалы: "Реал" турнир жеңімпазы атанды

Камила Долаева Журналист
Фото: twitter.com/MadeiraCakes

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

Кездесудің 59-минутында ойындағы жалғыз голды Винисиус Джуниор соқты. Бұл "Реал Мадридтің" матчтегі алғашқы соққысы болды.

Реклама
Реклама

Ағылшын командасы оған жауап ретінде көп шабуыл жасады, бірақ нәтижесіз. Мохамед Салахтың хет-трик жасауға мүмкіндігі болды, бірақ Тибо Куртуа Ливерпульдің барлық әрекетіне қарсы тұра алды. 

"Реал" 45-минутта тағы бір гол соқты. Алайда Карим Бенземаның голы VAR-ды көргеннен кейін саналмады.

Айта кетейік, испан клубы өз рекордын жаңарта отырып, тарихта 14-рет бас еурокубок турнирін жеңімпазы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама