ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 шілде 2017 14:35
Диего Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр
Атақты аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона Ресей азаматтығын алуды ойлап жүр. Ол осы ойын Ресейде өткен Конфедерация кубогы кезінде айтты, - деп хабарлайды Вести.ru. Экс-футболшы Ресейге барған кездегі өзіне көрсетілген құрметке тәнті болған.
Диего Марадона Конфедерация кубогы-2017 финалы кезінде "Ресей футболды жақсы көреді" қозғалысы аясында келген. Атақты спортшы Мәскеуде және Санкт-Петербургте болды.
Санкт-Петербургте Марадона Конфедерация кубогының финалдық ойынына қатысты. Сол кездесуде Германия құрамасы Чили футболшыларын 1:0 есебімен жеңген болатын. Өз жанкүйерлермен өткен кездесуде Марадона боксшы Рой Джонс пен Джефф Монсонды мысалға ала отырып, Ресей азаматтығын алғысы келетінін жеткізді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу