ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2021 | 09:18
"Елден қашпақ болған". Ауғанстан құрамасының футболшысы қаза тапты
Ауғанстан жастар құрамасының футболшысы Заки Анвари елден кетпек болғанда қаза тапты. Бұл туралы Twitter желісінде журналист Бабак Тагвай мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ауғанстан жастар құрамасының футболшысы Заки Анвари елден кетпек болғанда қаза тапты. Бұл туралы Twitter желісінде журналист Бабак Тагвай мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Спорт-Экспресс" сайтына сілтеме жасап.
Жас спортшы Кабул әуежайында ұшып бара жатқан америкалық С-17А әскери ұшағынан ұстап, елден кетпек болғандардың бірі екені айтылады.
Журналистің айтуынша, Анвари борттың шасси бөлігіне көтерілген, кейінірек оның денесі сол жерден табылған.
Бұған дейін Желіде АҚШ Әскери-әуе күштері ұшағының видеосы жарияланған. Шасси мен ұшақтың басқа бөлшектерін ұстаған бірнеше адам құлап, қаза тапқан еді.
17 тамызда Reuters АҚШ Әуе күштеріне сілтеме жасап, Кабулдан оралған С-17 ұшағының шассиінен адам қалдықтары табылғанын хабарлаған. Сол күні Желіде C-17 ұшағынан түсірілген видео пайда болған. Кадрда бортта адам болғаны, оның денесі желмен қалықтап тұрғаны көрсетілген.
Ауғанстандық БАҚ Кабулдан ұшып бара жатқан америкалық ұшақтан құлап бара жатқан адамдардың видеосын таратқан, олар шассиден ұстап, елден қашып кетуге тырысқан ауғандар болуы мүмкін.
Пентагон Кабул әуежайынан эвакуация кезінде "бірнеше адам өлімі" болғанын растаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также