"Ертістің" бапкері тағы ауысты

"Ертістің" бапкері тағы ауысты Ойрат Садуов. ©sports.kz

Футболдан павлодарлық клубтың бапкері тағы да ауысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Негізі, павлодарлық клубты маусымға Талғат Байсуфинов дайындаған еді. Бірақ, денсаулығына байланысты біріншіліктің басында Талғат Маруанұлы өз еркімен бас бапкерлік қызметінен кетіп, оның орнына Тармо Рюютли келген.

Дегенмен, бұл маман да "Ертіс" ұжымын ұзақ жаттықтырған жоқ. Бар болғаны тоғыз тур бұл қызметті атқарған эстониялық маманды клуб жетекшілері мамар айының басында қызметінен босатты.

Реклама
Реклама

Енді бас бапкерлік қызметті 53 жастағы Павлодар футболының түлегі, Қазақстан біріншілігінде "Ертіс" сапында ең көп ойын өткізген Ойрат Садуов атқаратын болады. Ол мамыр айының басында орнынан кеткен эстониялық маманның орнын басты. Әу баста қазақстандық маман бас бапкердің міндетін атқарушы қызметінде болса, осы аптадан бастап толыққанды "Ертістің" бас бапкері болып тағайындалды.  

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама