Бүгін, 18 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының екінші турындағы үш матч өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінгі матчтер:
Е тобы: Швеция - Словакия (басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 19.00-де)
D тобы: Хорватия - Чехия (22.00)
D тобы: Англия - Шотландия (00.50)
Бірінші ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан қарауға болады. Ал екінші және үшінші матчті Qazaqstan телеарнасы көрсетеді.
Еске салайық, 17 маусымда Украина Солтүстік Македонияны жеңген. Сонымен қатар, тағы матчтен кейін екі құрама турнирдің плэй-офф кезеңіне шыққан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!