ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2021 | 09:19
EURO-2020: Англия мен Украина ширек финалға шықты
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға жолдама алған соңғы екі құрама белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға жолдама алған соңғы екі құрама белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лондондағы "Уэмбли" стадионында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады. 75-минутта Рахим Стерлинг ағылшындарды алға шығарды.
Ал 85-минутта Харри Кейн Англияның екінші голын салды. Осылайша, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Фото: Reuters©
Ал ширек финалға соңғы жолдаманы Швеция мен Украина сарапқа салды. Ойын украиналықтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
27-минутта Александр Зинченко шведтер қақпасына гол соқты. Үзіліске дейін швециялық жартылай қорғаушы Эмиль Форсберг есепті теңестірді.
Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды.
Фото: Reuters©
Ойынның 99-минутында Маркус Даниэльссон қызыл қағаз алып, шведтер он ойыншымен қалды. Ал 121-минутта Артем Довбик гол соғып, Украина құрамасына жеңіс сыйлады.
Енді ширек финалда Англия мен Украина құрамалары кездеседі. Бұл кезеңдегі басқа жұптар: Бельгия - Италия, Дания - Чехия және Швейцария - Испания.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также