14 маусым 2021 | 09:05

EURO-2020: Австрия Солтүстік Македонияға үш гол соқты

© Reuters

13 маусымда Австрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Солтүстік Македонияны жеңді. С тобының матчі Бухаресттегі "Националь" стадионында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

13 маусымда Австрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Солтүстік Македонияны жеңді. С тобының матчі Бухаресттегі "Националь" стадионында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын 3:1 есебімен аяқталды. Австриялықтардың сапында Штефан Лайнер (17-минут), Михаэль Грегорич (78) және Марко Арнаутович (89) гол соқты.

Лайнер голын даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксенге арнады, футболшы бір күн бұрын матч кезінде есінен танып қалған болатын. Гол соққаннан кейін Лайнер "Эриксен, берік бол" деп жазылған жейдені көрсетті.

Реклама
Реклама

Македониялықтар сапында 37 жастағы шабуылшы Горан Пандев көзге түсті. 

Еске салайық, С тобында Австрия мен Солтүстік Македониядан бөлек, Нидерланды мен Украина құрамалары өнер көрсетеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная