27 маусым 2021 | 09:44

EURO-2020: Италия чемпионаттың 1/4 финалына шықты

Фото ©️ Reuters

Футболдан Италия құрамасы Еуропа 2020 чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Италия құрамасы Еуропа 2020 чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өткен чемпионаттың 1/8 финалында Роберто Манчинидің шәкірттері Аустрия командасымен кездесті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды - 0:0.

Дегенмен гол болды, 65-минутта Марко Арнаутович италиялықтардың қақпасына доп кіргізді, алайда ол офсайд болғандықтан саналмады.

Реклама
Реклама

Фото ©️ Reuters

76-минутта бас төреші Энтони Тейлор тағы да бейнеассистентке жүгініп, Италия қақпасына пенальти тағайындамады.

Қосымша уақытта 95-минутта Федерико Кьеза италиялықтарды алға шығарды. Он минуттан кейін Маттео Пессина екінші гол соқты. 

Фото ©️ Reuters

EURO-2020 жартылай финалына шығу үшін Италия құрамасы Бельгия - Португалия жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін 1/4 финалына Дания құрамасы өткен болатын, ол Чехия - Нидерланды матчінің жеңімпазымен ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная