21 маусым 2021 | 09:07

EURO-2020: Италия құрамасы топта бірінші, Түркия соңғы орын алды

Фото: Reuters©

Футболдан Италия құрамасы Уэльсті жеңіп, футболдан Еуропа чемпионатының А тобында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Италия құрамасы Уэльсті жеңіп, футболдан Еуропа чемпионатының А тобында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Римдегі ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 39-минутта Маттео Пессина соқты. Ал 55-минутта Уэльс он ойыншымен қалды - Итан Ампаду алаңнан қуылды.

Италия топтағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, тоғыз ұпай жинады, ал Уэльс төрт ұпаймен екінші орын алды, бұл команда да плей-офф кезеңіне шықты.

Реклама
Реклама

Дәл осы уақытта Бакуде Түркия мен Швейцария құрамаларының матчі өтті. Швейцария Түркияны 3:1 есебімен жеңді.

Алғашқы голды Харис Сефирович матчтің 6-минутында соқты. Шердан Шакири 26 және 69-минуттарда көзге түсті. Түркия құрамасы 62-минутта бір ғана гол соға алды - Ирфан Кахведжи командасының Еуропа чемпионатындағы жалғыз голының авторы атанды.

Енді Швейцарияның да топтан үшінші орынмен шығатын мүмкіндігі бар, бірақ топтық кезең толық біткенін күту қажет. Ал үш матчте де жеңілген Түркия құрамасы А тобында соңғы орын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная