ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2021 | 09:26
EURO-2020: Ресей турнирмен қоштасты, Украинаның әлі мүмкіндігі бар
Футболдан Еуропа чемпионатының В және С топтарынан плэй-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Еуропа чемпионатының В және С топтарынан плэй-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
С тобының шешуші турында Украина құрамасы Австриямен кездесіп, 0:1 есебімен жеңілді. 21-минутта "Хоффенхайм" жартылай қорғаушысы Кристоф Баумгартнер гол соқты.
Дәл осы уақытта С тобының тағы бір матчі өтті. Бірақ Нидерланды мен Солтүстік Македония кездесуінің турнир кестесінде маңызы болмады. Голландиялық футболшылар плэй-офф кезеңіне бірінші орынмен шығып қойған, ал македониялықтар бұл тур алдында-ақ соңғы орын алған.
Бұл ойын Нидерланды пайдасына 3:0 есебімен аяқталды. 24-минутта Мемфис Депай есеп ашты. Екінші таймда Джорджиньо Вейналдум 51 және 58-минуттарда гол соғып, дубль авторы атанды.
Осылайша С тобында Нидерланды құрамасы 9 ұпай жинап, бірінші орын алды. Алты ұпайы бар Австрия құрамасы плэй-оффқа екінші орынмен шықты. Украина үш ұпаймен үшінші орында тұр. Ал үш ойында да жеңілген Солтүстік Македония соңғы орында.
Фото: ©REUTERS
В тобында Ресей құрамасы Даниядан ірі есеппен жеңілді. Копенгагенде өткен ойында 4:1 есебі тіркелді.
Ойынның 38-минутында Миккель Дамсгард есеп ашты. 59-минутта ресейліктердің қателігінен кейін Юссуф Поульсен есепті еселеді.
70-минутта Артем Дзюба пенальтиден гол соғып, ресейліктерге үміт сыйлағандай болып еді. Көп ұзамай Андреас Кристенсен мен Йоаким Мехле гол салып, Данияға ірі есеппен жеңіс сыйлады.
В тобының екінші матчінде Бельгия Финляндияны 2:0 есебімен жеңіп, үшінші жеңісіне қол жеткізді. Үзілістен кейін финн қақпашысы Лукас Градецки допты өз қақпасына соғып алды. Кейін Ромелу Лукаку матч нүктесін қойды.
Осылайша, Бельгия тоғыз ұпаймен бірінші орын алды. Кейінгі орындарды Дания, Финляндия мен Ресей еншіледі, үшеуінде де үш ұпайдан бар. Бірақ гол көрсеткіштері жақсы даниялықтар екінші орынмен плэй-офф кезеңіне шықты. Ресей құрамасы топта соңғы орын алды.
Өз тобында үшінші орын алған Украина мен Финляндия құрамаларының плэй-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі бар. Үшінші орын алған алты құраманың төртеуі 1/8 финалда ойнайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также