13 маусым 2021 | 09:24

EURO-2020: Ресейді жеңген Бельгия құрамасы топта көш бастады

Фото: Reuters

Бельгия футболдан Еуропа чемпионатының бірінші турында Ресейді жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бельгия футболдан Еуропа чемпионатының бірінші турында Ресейді жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

EURO-2020 додасында Бельгия құрамасы В тобының көшін бастады. Санкт-Петербургте алаң қожайындарымен кездескен Роберто Мартинес шәкірттері 3:0 есебімен басым түсті.

Реклама
Реклама

"Ромелу Лукаку (10, 89 мин) дубль авторы атанса, Томас Менье (34 мин) еншісіне бір гол жазды. Енді Ресей ойыншылары келесі кездесуін 16-маусымда Финляндияға қарсы өткізеді. Ал 17-маусымда Копенгагенде Дания мен Бельгия өзара мықтыны анықтамақ", - деп жазды басылым.

Айта кетейік, қарт құрлық біріншіліктерінің тарихында тұңғыш рет жолдама алған "суоми" командасы алғашқы матчта Данияны 0:1 есебімен тізе бүктірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная