ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 маусым 2021 21:01
EURO-2020: Венгрия әлем чемпионы Франциямен тең түсті
Венгрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында әлем чемпионы Франциямен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Венгрия құрамасы футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турында әлем чемпионы Франциямен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ойын Будапешттегі "Пушкаш-Аренада" өтті. Бірінші тайм соңында алаң иелері есеп ашты. Оттило Фиоло сол қапталдан айып алаңына еніп, допты жақын бұрышқа дәл тепті.
Ал 66-минутта француздар есепті теңестірді - Антуан Гризманн көзге түсті. Қалған уақытта Франция футболшылары екінші голды соғуға тырысқанымен, венгриялықтар қорғаныста сенімді ойнады - 1:1.
Бұл ойыннан кейін Франция құрамасы F тобында 4 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Венгрия турнирдегі алғашқы ұпайын жинады.
Шешуші 3-турда француздар Португалиямен, Венгрия Германиямен кездеседі. Матчтер 23 маусымда өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу