Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі: Қалмұрза Қазақстан құрамасына кірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне (U-19) шақырылған футболшылар тізіміне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ мәліметіне сілтеме жасап.

Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне (U-19) шақырылған футболшылар тізіміне кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылар тізімін жариялады.

Команда құрамына "Қайраттың" жұлдызды қақпашысы Шерхан Қалмұрза кірді.

Реклама
Реклама

Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматыдағы "Қайрат" футбол клубы базасында өтіп жатқаны айтылды. Құрама сапына 36 ойыншы кірген.

Толық тізім

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де – "Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе"), Мадияр Төлеубек ("Ertis"), Махмуджан Сұңғатуллин ("Жас Қыран");

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы – "Қайрат"), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де – "Ақтөбе"), Айдын Есболов ("Ордабасы"), Шыңғыс Қалиев ("Леванте", Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де – "Астана"), Аманжол Бақытжанов ("Тобыл"), Темірлан Төребек ("Ertis");

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы – "Қайрат"), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев ("Шахтер"), Ербол Құрманахан ("Жетісу"), Руслан Рахметов ("Ertis"), Азамат Мусаев ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі – "Қайрат"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі – "Астана");

Бапкерлер құрамы

  • Кирилл Кекер – бас бапкер,
  • Сергей Лабодовский – бас бапкердің көмекшісі,
  • Егор Скулкин – дене дайындығы бойынша бапкер,
  • Виталий Кувшинов – қақпашылар бапкері,
  • Алексей Анкудинов – бейнеаналитик,
  • Айдар Шабанбай – дәрігер,
  • Жансұлтан Сәтмағамбет – массажист,
  • Рахат Әкімқұл – менеджер,
  • Шыңғыс Алмасбаев – әкімші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама