Еуропа лигасы: "Астана" мен "Ақтөбенің" қарсыласы анықталды

Еуропа лигасы: "Астана" мен "Ақтөбенің" қарсыласы анықталды ©footboom.com

Еуропа лигасынының плей-офф кезеңінде ел намысын қорғайтын қарағандылық "Шахтер" мен "Ақтөбе" клубтарының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб пәтерінбе тартылған жеребінің қорытындысы бойынша "Астана" испаниялық "Вильярреалға", ал "Ақтөбе" польшалық "Легия" клубына қарсы ойнайтын болды.

Біздің екі клубымыз да плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарын 21 тамыз күні өз алаңдарында өткізсе, қарымта кездесу 28 тамыз күні түзде болады. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, "Астана" Еуропа лигасының үшінші кезеңінде швециялық "АИК" клубын жалпы есепте 4:1 есебімен жеңіп плей-оффқа шықса, "Ақтөбе" Чемпиондар лигасының үшінші кезеңінде румыниялық "Стяуа" клубына 3:4 есебімен ұтылып, автоматты түрде Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түсті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама