ПОДЕЛИТЬСЯ
26 шілде 2019 | 09:16
Еуропа лигасы: "Ордабасы" тең түсіп, "Қайрат" жеңілді
Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Израильде, шымкенттік "Ордабасы" Чехияда матч өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық "Қайрат" Израильде, шымкенттік "Ордабасы" Чехияда матч өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Ордабасы"сырт алаңда "Млада-Болеслав" командасымен кездескен. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 21-минутында Мирзад Механович шымкенттік клубты алға шығарды. Алайда бірінші таймның соңында алаң иелері Николай Комличенко соққан голдың арқасында есепті теңестірді.
Қарымта матч 1 тамызда Шымкентте өтеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де.
Ал алматылық "Қайрат" Беэр-Шева қаласында "Хапоэльмен" кездескен. Израильдік команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның 10-минутында Рамзи Сафури пенальтиден есеп ашқан. "Қайратта" есепті теңестіретін мүмкіндіктер болғанымен, алматылық футболшылар оларды пайдалана алмады. Нәтижесінде екінші таймда Эден Шамир өз командасының екінші голын соқты. Матч соңына қарай Елдос Ахметов есеп айырмасын қысқартқан, бірақ төреші голды есептемей тастады.
Енді бұл командалардың қарымта матчы 1 тамызда Алматыда өтеді.
Показать комментарии
Читайте также