ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қаңтар 2022 | 09:15
ФИФА 2021 жылдың үздік футболшысын таңдады
"Баварияның" мюнхендік шабуылшысы Роберт Левандовски Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta-ға сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Баварияның" мюнхендік шабуылшысы Роберт Левандовски Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) бойынша 2021 жылдың үздік футболшысы атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta-ға сілтеме жасай отырып.
Марапаттау рәсімі ұйымның YouTube-арнасында көрсетілді. Жеңімпаз журналистер, бас жаттықтырушылар, ерлер мен әйелдер құрамаларының капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды. Нәтижесінде, 33 жастағы футболшы екінші рет марапатқа ие болды.
Бұған дейін Парижде жылдың үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" марапатын тапсыру рәсімі өткен еді. Жетінші рет беделді марапатты Аргентина құрамасының 34 жастағы шабуылшысы және "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Лионель Месси жеңіп алды. Ал "Барселона" хавбегі Педро үздік жас ойыншы атанды. Жылдың үздік шабуылшысы атағына "Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп танылды. Жыл футболшысы "Барселонаның" сапында ойнайтын испаниялық Алексия Путеляс болды. "Жылдың үздік қақпашысына" арналған Лев Яшин сыйлығы ПСЖ-лық Джанлуиджи Доннаруммаға бұйырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также