04 шілде 2019 | 12:02

ФИФА "Ақтөбе" клубына жаңа футболшы алуға тыйым салды

© fc-aktobe.kz

Халықаралық футбол федерациясы ақтөбелік клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар" "Ақтөбе" футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық футбол федерациясы ақтөбелік клубқа жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар" "Ақтөбе" футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбелік клуб Муарем Муарем футболшының алдындағы қарызын толық өтегенімен, жаңа ойыншыларды тіркей алмайды. Себебі, ФИФА-ның сөзінше, ықпалшара уақыты әлі аяқталмаған. Тек 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап қана "Ақтөбе" клубы жаңа ойыншыларды өз құрамына алуға құқылы.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, биылғы маусымда "Ақтөбе" клубынан 12 ұпай шегерілген. Бұрынғы ойыншыларына қарыз боп қалған клубқа ФИФА осындай ықпалшара қолдануға мәжбүр болды. Биыл 16 матч өткізген "Ақтөбе" командасы "-1" ұпаймен кестенің ең соңғы орнында тұр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная