ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 наурыз 2017 13:08
FIFA төрешінің намысына тиген Мессиді ойыннан шеттетуі мүмкін
Төрешіні балағаттағаны үшін FIFA испаниялық "Барселона" мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді ойыннан шеттетуі мүмкін, - деп хабарлайды Marca.com.
Оқиға 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Чилимен ойын кезінде (1:0) болған.
FIFA ойында қызмет көрсеткен төрешілер тобына сауал жолдады, алайда, төрешілердің барлығы намысқа тиіп, кемсіту болмағанын айтады. Дегенмен FIFA төрешілер жағдайды растамаса да, футболшыны ойыннан аластатуға құқылы. Месси құраманың алдағы 2 немесе 4 ойынына қатыспауы мүмкін.
Осылайша, ол іріктеу аясында Боливияға қарсы ойынға қатыспай қалу қаупі бар.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу