04 наурыз 2019 | 09:55

Футбол ережелері өзгереді

© РИА Новости/Алексей Филиппов

Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер енгізді. Олар ұйымның ресми сайтында жарияланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер енгізді. Олар ұйымның ресми сайтында жарияланды. 

Бірінші өзгеріс қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшы кем дегенде білместіктен қолмен ойнаса, онда бұл ережелерді бұзу болып саналады.

Реклама
Реклама

Екіншіден, алмастырылған ойыншы жақын бұрыштағы сызық арқылы алаңнан шығуы керек. Қазіргі уақытта футболшылар тек қосалқы ойыншылар отыратын орын жаққа қарай алмастыруға шығады. 

Үшіншіден, шабуылшы команданың футболшыларына айып соққысын орындау кезінде қорғанушы команданың қабырғасына тұруға тыйым салынады. Бұл ретте олар өз қабырғасын тұрғыза алады.

Төртіншіден, 11 метрлік айып добын орындауға қатысты. Ендігіде қақпашы қақпаның сызығына тек бір аяқпен ғана тиеді.

Сондай-ақ, сары және қызыл қағаздар енді жаттықтырушыларға да жарамсыз мінез-құлық және басқа да ереже бұзу үшін беріледі. Ал доп төрешіге тигеннен кейін даулы доп тағайындалады.

Өзгерістер 2019 жылы жазда күшіне енеді.

Уалихан Қосанбай


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная