19 мамыр 2022 16:56

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото: РИА Новости

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты, - деп хабарлайды Р-Спорт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысты жанжал шықты, - деп хабарлайды Р-Спорт

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантиноға Катардағы әлем чемпионаты нысандарын салумен айналысатын жұмысшылардың еңбек шарты бұзылғаны үшін өтемақы төлеуді талап ететін хат жолдады.

Өтемақы мөлшері кем дегенде 440 миллион доллар болуы мүмкін. Ал әлем чемпионатының құрылысына 30 мыңға дейін жұмысшы тартылғаны айтылды. Сәуірде әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирге дайындыққа тартылған 3 компанияда еңбек жағдайлары бұзылғанын мойындаған болатын.

Реклама
Реклама

"Барлық жұмысшы өтемақы алғанша бұл турнирдің өткізілуін тойлауға болмайды", - делінген ұйымның хабарламасында.

Катардағы әлем чемпионаты 2022 жылы 21 қарашадан 18 желтоқсанға дейін өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram