05 наурыз 2022 15:30

Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

©УЕФА

Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Daily Mail жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Daily Mail жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін осы екі елдің, яғни Ұлыбритания мен Ирландияның Еуропа біріншілігін бірге қабылдауға өтініш бергені белгілі болған. 

Реклама
Реклама

Ал Түркия құрамасы өз кандидатурасынан бас тартады. Себебі бұл ел 2016 және 2024 жылғы Еуропа біріншілігін қабылдауға ұсыныс берген кезде сәтсіздікке ұшыраған. Ресейдің аталған турнирді өткізу мүмкіндігі тым төмен. 

Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландия Еуро-2028 турнирін ешқандай бәсекелессіз қабылдауға мүмкіндік алады. Негізі құжат жүзінде турнирді өткізетін ел 2023 жылдың қыркүйегінде анықталады. Бірақ дереккөз мәліметі бойынша, Ұлыбритания мен Ирландия барлық техникалық талаптарға сай болса, ерте хабарлайды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram