Футболдан Қазақстан құрамасы Босниядан жеңіліп қалды

Фото: ©Тұрар Қазанғапов. Vesti.kz

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинадан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинадан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Командалар 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің D тобы аясында кездескен. Матч Нұр-Сұлтандағы "Астана Аренада" өтті, ойын 0:2 есебімен босниялықтардың жеңісімен аяқталды. 

Реклама
Реклама

25-минутта қонақтар сапында Смаил Превляк есеп ашты. 66-минутта ол дубль авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін үш ұпай жинап, топта соңғы орында келеді. Әзірше команда жеңіске жеткен жоқ. 

Енді қазақстандық футболшылар 12 қазанда өз алаңында Финляндиямен күш сынасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама