08 қыркүйек 2021 | 08:52

Футболдан Қазақстан құрамасы босниялықтарға қарсы матчте сенсация жасады

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Босния және Герцеговинамен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Босния және Герцеговинамен тең түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зеницада өткен кездесуде алаң иелері фаворит болған. Алайда матч 2:2 есебімен аяқталып, сенсация тіркелді. 

Матч есебін қонақтар ашты. 62-минутта Исламбек Қуат бұрыштан әуелеген допты қақпада тулатты. 

Реклама
Реклама

Босниялықтар 12 минуттан кейін таразы басын теңестірді: Миралем Пьянич пенальтиден көзге түсті. 86-минутта алаң иелері алға шықты: Лука Менало бұрыштама кезінде қараусыз қалып, баспен дәл соққы жасады. 

Бірақ матч соңына дейін Талғат Байсуфиновтің шәкірттері есепті теңестіре алды. Қосымша уақытта Бақтиер Зайнутдинов айып соққысынан гол салды. 

Бұл ойыннан кейін Қазақстан құрамасы үш ұпаймен D тобында бесінші орында тұр. Төртінші орындағы босниялықтардың да үш ұпайы бар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная