04 қазан 2017 17:55

Футболдан Қазақстан құрамасы Румынияға "Өзбекстан" жазуы бар ұшақпен барды

© Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты 2018 жарысының іріктеу кезеңінде Румынияға өзбекстандық әуе компаниясының ұшағымен келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты 2018 жарысының іріктеу кезеңінде Румынияға өзбекстандық әуе компаниясының ұшағымен келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Румыния құрамасына қарсы ойын Плоешти қаласында 6 қазанға қараған түні Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады. QazSport арнасы тікелей эфирден көрсетеді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Fanatik.kz сайтында мақала авторы Қазақстан құрамасының Румынияға  "Өзбекстан" жазуы бар ұшақпен келуіне байланысты әзілдеп те үлгерген. 

"Алдамшы тәсіл: біздің ұлттық құрама ойын алдында румындарды қорқыту үшін күшті қарсылас болып келді", - делінген жаңалықта. 

 
© Uzbekistan Airways

Еске салайық, алда Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін әлем чемпионаты 2018 іріктеу кезеңінде екі маңызды ойын бар: 6 қазанға қараған түні Бородюк шәкірттері Румыния құрамасымен кездеседі, ал үш күннен соң Астанада қазақстандықтар Армения құрамасын қабылдайды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram