Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен бастады ©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы жаңа маусымның алғашқы матчында Әзербайжанды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы жаңа маусымның алғашқы матчында Әзербайжанды жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын "Астана Аренада" өтті. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Екі гол да үзілістен кейін соғылды. 50-минутта Абат Айымбетов алыстан дәл соққы жасап, Қазақстан алға шықты. Араға тура он минут салып, Айымбетов екінші голын соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үш ұпай еншілеп, 3-топта көш бастады. 

Реклама
Реклама

Енді Магомед Адиев шәкірттері сырт алаңда екі матч өткізеді: 6 маусымда Словакиямен, 10 маусымда Беларусьпен күш сынасады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама