29 наурыз 2021 | 16:19

Футболдан Қазақстан құрамасының мүшелерінен коронавирус табылды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-каналында мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Футболдан Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет телеграм-каналында мәлім етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстан құрамасы штабының бірнеше қызметкері коронавирус жұқтырды. Олар - жаттықтырушы Сергей Калюбин және команда әкімшісі Максим Шауберт.

Енді кімдер оқшауланып, Киевке кімдер баратыны белгісіз. Бапкерлік штабтың басқа мүшелері, әкімшілік қызметкерлер мен ойыншылар да олармен байланыста болған", - деп жазды Қожахмет. 

Реклама
Реклама

Еске салсақ, кеше "Астана Аренада" Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчін өткізіп, Франциядан 0:2 есебімен жеңілген еді. Енді Қазақстан 1 сәуірге қараған түні Киевте елорда уақытымен 00:45-те Украинамен кездеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная