Футболшы доп соққысынан қаза тапты

Футболшы доп соққысынан қаза тапты

Хорватия чемпионатыны? ?шінші дивизионында "Марсония" мен "Славония" командаларыны? арасында ?ткен матчта ала? иелері командасыны? ойыншысы Бруно Бобан кеудесіне доп тиіп, ?аза тапты. Б?л туралы HRT Sport хабарлады.

Хорватия чемпионатының үшінші дивизионында "Марсония" мен "Славония" командаларының арасында өткен матчта алаң иелері командасының ойыншысы Бруно Бобан кеудесіне доп тиіп, қаза тапты. Бұл туралы HRT Sport хабарлады.

Ойынның 15-ші минутында қатты соққыдан ұшқан доп Бобанның кеудесіне тиген. "Марсония" ойыншысы осыдан кейін құлап түсіп, оның маңында қалған футболшылар барған. Алғашқы көмекті оған клуб дәрігері көрсеткен, кейін жедел жәрдем келіпті, алайда олардың қанша күш салғанына қарамастан, 25 жастағы жартылай қорғаушыны аман алып қала алмапты. 

Өлімнің нақты себебі айтылмайды. Басылымның мәліметінше, Бобан "Загреб", "Славония" клубтарында өнер көрсетіп, танылған. Қазіргі маусымда жартылай қорғаушының есебінде 12 соғылған доп бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама