Футзалдан Қазақстан - Испания кездесуін қайдан көруге болады

© Sportsfile

Бүгін түнде футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания командасымен ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуродағы дебютант пен жүлдені алты мәрте жеңіп алған команданың арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша 02.00-де басталады. Матчты тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасынан, сонымен қатар "Евроспорт" арнасынан көруге болады. Трансляция 01.50-де басталады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы С тобында Ресейден 1:2 есебімен жеңіліп, Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, екінші орынды алған болатын. Какаудың шәкірттері ширек финалда сенсация жасап, қазіргі чемпион Италия құрамасын 5:2 есебімен жеңді. Испания болса Венгрияны 5:2 және Украинаны 4:1 есебімен жеңіп, В тобында бірінші орынға шықты, ал ширек финалда Португалияны 6:2 есебімен жеңді.  

Реклама
Реклама

Букмекерлердің пікірінше, бұл кездесуде Испания құрамасы фаворит. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Испания командасына гол соғып көрген емес.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама