Футзалдан Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңіліп, әлем чемпионатынан шығып қалды

© fifa.com

Футзалдан ?аза?стан ??рамасы ?лем чемпионатыны? 1/8 финалында Испаниядан же?іліп ?алды. Ойынды "?аза?стан" телеарнасы тікелей эфирде к?рсетті. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңіліп қалды. Ойынды "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. 

Кездесу 5:2 есебімен аяқталды. Испандар үшінші минутта-ақ есеп ашқан еді. Серхио Лосано Мартинес алыстан теуіп, өз командасын алға шығарған. Алайда екі минут өткенде Шыңғыс Есенаманов есепті теңестіріп кетті. 

Ал екінші таймның басында Бебе Испания құрамасын тағы да алға шығарды. Какаудың шәкірттері 31-ші минутта қайта есепті теңестірген - бұл жолы Дәурен Нұрғожин көзге түсті. Бірақ бір минут өткенде ол өз қақпасына гол соғып алды. Соңғы екі голды испандар бос қақпаға соқты.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама