Йоахим Лев: Гетцеге Мессиден мықты екеніңді дәлелде дедім

Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев әлем чемпионаты финалының 88 минутында алаңға шығып, 114 минутта гол соғып, командасына жеңіс әкелген шабуылшы Марио Гетцеге айтқан кеңесімен бөлісті, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz  "Чемпионат" порталына сілтеме жасай отырып. 

"Мен оған: "Алаңға шық та, өзіңнің Мессиден мықты екеніңді әлемге дәлелде дедім. Оның шын мықты екеніне сендім. Марио шықты да гол соқты" деді Германия құрамасының бас жаттықтырушысы. 

Естеріңізге сала кетейік, футболдан Бразилияда өткен ӘЧ-2014 доп додасының финалында Германия Аргентина құрамасынан басым түсіп, әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды. Кездесудің 114-минутында командаға жеңіс әкелген голдың авторы Марио Гетце матчтың үздік ойыншысы атанды.

Реклама
Реклама

Лионел Месси әлем чемпионатының үздік ойыншысына табыс етілетін "Алтын допты" иеленді. ӘЧ-2014 "Алтын қолғап" сыйлығы Германия құрамасының қақпашысы Мануель Нойерге бұйырды.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама