27 желтоқсан 2020 17:48

Исламхан "Қайрат" сапында жаттығады

Бауыржан Исламхан. Фото: "Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Қайрат" сапында жаттығу жасайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Қайрат" сапында жаттығу жасайды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Баторидің (Бауыржан Исламханның - еск.) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Исламхан допинг қолданғанына байланысты футболдан шеттетілу ісі бойынша CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді", - деп жазды Қожахмет.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 24 желтоқсанда Исламхан допинг қолданғаны үшін екі жылға футболдан шеттетілген болатын. Исламхан 18 қыркүйекте Азия чемпиондары лигасындағы "Әл-Саддқа" қарсы матчтан кейін допинг-сынақтан өте алмаған.

Бұған дейін араб БАҚ-тарында қазақстандық футболшы қатаң жазаланса, "Әл-Айн" Исламханның орнына жаңа ойыншы іздейтіні туралы хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram