ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 03 наурыз 2014, 17:06
Исландияның әуселесін байқаймыз
Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2015 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы кезекті кездесуін 5 наурыз күні өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жолы қазақ топырағына Исландия жастар құрамасы келеді. Қазақстан және Исландия жас талантары арасындағы аталмыш матч сәрсенбі күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы уақыты – 19:00-де. Жанкүйерлер бұл ойынға тегін кіре алады.Бұл ойында біздің жігіттерге жеңіс ауадай қажет. Егер Исландияны жеңсек, келесі кезеңге шығу мүмкіндігіміз арта түседі. Дәл қазір 2015 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасының 10-тобындағы жағдай төмендегідей:1. Франция – 5 ойын; 15 ұпай2. Исландия – 5; 123. Қазақстан – 6; 64. Армения – 6; 65. Беларусь – 6; 3Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасында осы Исландияның ұлттық құрамасымен бірінші топқа түсті. Ендеше, жасыл алаңдағы Қазақстан – Исландия доп додасы алдағы сәрсенбіден басталады...
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии