07 шілде 2021 | 08:50

Италия құрамасы EURO-2020 финалына шықты. Голдардың видеосы

©REUTERS

Италия EURO-2020 финалына шыққан алғашқы құрама болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Италия EURO-2020 финалына шыққан алғашқы құрама болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Лондонның "Уэмбли" стадионында өткен жартылай финалда команда Испания құрамасымен кездесіп, пенальтиден 2:1 есебімен жеңді. 

Италия ойыншылары 61-минутта есеп ашқан: форвард Федерико Кьеза көзге түсті. 

Реклама
Реклама

Испания бірнеше рет есепті теңестіруге талпынды. Осылайша 80-минутта шабуылшы Альваро Морате гол соқты.

Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталған. Ойын экстра-таймға өтті, онда командалар доп соға алмады. Ақырында жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда Италия футболшылары басым болды.

Еске салайық, EURO-2020 финалына шығатын екінші команда енді ғана анықталады. Ақтық сынға шығуға Англия мен Дания футболшылары таласады. Жартылай финалдағы бұл матч 8 шілдеге қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.00-де басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная