"Камп Ноу" стадионына Месси есімі берілуі мүмкін

©REUTERS

"Барселона" ФК президенттігіне үміткер Эмили Руссо клубтың үй стадионы - "Камп Ноу" атауын өзгертуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы goal.com жазған. Оның пікірінше, аренаны аргентиналық футболшы Лионель Мессидің құрметіне атау керек, - деп хабарлайды Vesti.kz

Руссо каталан клубын басқаруға келген жағдайда стадион атын "Камп Ноу Лео Месси" деп өзгерту үшін референдум өткізетінін атап өтті.

Шабуылшы "Барселонада" 2000 жылдан бері өнер көрсетеді, ол жастар командасынан бастаған. Каталондықтардың құрамында ол Испанияның он дүркін чемпионы және Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы атанған. Алайда соңғы уақытта Мессидің клубтан кетуге ойы бар екені туралы ақпараттар тарап жүр. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама