14 қараша 2021 10:09

"Қарсыласымызды сыйладық". Дешам ӘЧ іріктеуіндегі Қазақстан мен Франция ойыны туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстанмен ойынға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстанмен ойынға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Париждегі кездесу Франция құрамасының пайдасына 0:8 есебімен аяқталды.

"Иә, мақсат біліктіліктен өту болды, сонымен қатар, футболшылар бірге ойнағанда, шабуыл кезінде рақаттануы керек. Әркім өзіне тиістіні алды.

Бұл нәтиже - біз үшін бірінші және екінші таймда жақсы ойнағанымызға сыйақы. Дұрыс қарқынмен ойнадық. Үзілісте команда босаңсып кетуі мүмкін, бірақ қарсыласты сыйлағасын, ойынды жалғастырдық. Бұл өте әдемі футбол кеші болды", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан құрамасы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ойсырай ұтылған еді. Бұл Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі болып тіркелді. Франция құрамасы қазақстандық футболшыларды 8:0 есебімен жеңді. Матчте Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram