12 қараша 2019 16:51

"Қай бапкерді стадионға кіргізбей қойды?". Қазақ футболы жайлы не білесіз?

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы мәресіне жетті. Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында биылғы маусым қорытындыланды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан 2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасы мәресіне жетті. Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында биылғы маусым қорытындыланды. 

2019 жылдың қорытындысы бойынша, "Астана" ФК ел чемпионы атанды. Команда келесі жылы да ел намысын УЕФА Чемпиондар лигасында қорғайды. 

Реклама
Реклама

Ал күміс медальді алматылық "Қайрат" қанжығалады. Біріншіліктің қола жүлдесі шымкенттік "Ордабасыға" бұйырды. Екі команда да келесі жылы Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ Қазақстан кубогын еншілеген қызылордалық "Қайсар" Еуропа лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. 

2019 жылғы маусымның үздік ойыншысы - "Астана" хавбегі Марин Томасов. "Қайсарды" жаттықтыратын Стойчо Младенов "Үздік бапкер" номинациясы бойынша жеңімпаз болды. 

Tengrinews.kz тілшісі 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, Қазақстан Премьер-лигасы жайлы тесттен өтуді, осылайша отандық футболдың биылғы жаңалықтары жайлы біліміңізді тексеріп көруді ұсынады. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram