08 маусым 2022 | 17:33

"Қайрат" Бердыевтың орнына келген жаңа бас бапкерді таныстырды

Қазақстандық маман Кирилл Кекер "Қайраттың" жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық маман Кирилл Кекер "Қайраттың" жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кирилл Кекер - "Қайрат" академиясындағы жас ойыншылармен өнімді жұмыс істеген ең мықты мамандардың бірі. 2017 жылғы маусымда Кекер шәкірттері 2002 жылы туған балалар арасындағы ҚР біріншілігінде өздерінен бір жас үлкен қарсыластарын қапы қалдырып, алтын жүлдеге қол жеткізді", - делінген хабарламада.

2019-2020 жылғы маусымда Кирилл Кекер "Қайраттың" негізгі командасында бас бапкердің көмекшісі қызметінде болып, біріншіліктің алтынын жеңіп алды.

Реклама
Реклама

2021 жылғы маусымды Кирилл Кекер "Қайрат-Жастардың" бас бапкері болып, маусым айында "Қайрат" ФК бас жаттықтырушы қызметін атқарды.

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" Құрбан Бердыевпен келісімшарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram