"Қайрат" Еркебұлан Сейдахметті жалға берді

Фото: kff.kz

"Қайрат" футбол клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Жетісу" сапына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қайрат" футбол клубының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет "Жетісу" сапына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 жастағы Сейдахмет жыл соңына дейін "Жетісу" сапында өнер көрсетеді.

"Футболшының ойын практикасын көбірек алу үшін өзі басқа командаға ауысу туралы ниет білдірді. Клуб қарсы болған жоқ. "Қайрат" Еркебұланға "Жетісу" сапында жақсы ойнап, жетістікке жетуін тілейді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Сейдахмет "Қайрат" сапына 2019 жылы ауысты. Биыл ол алматылық клуб сапында 12 кездесуге қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама