ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2021 | 10:11
"Қайрат" Еуропа лигасымен қоштасқан соң бас бапкері қызметінен кетті
"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі "Алашкертке" қарсы қарымта кездесуді қорытындылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі "Алашкертке" қарсы қарымта кездесуді қорытындылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еревандағы кездесудің негізгі уақыты тең аяқталды - 2:2, ал қосымша уақытта алаң иелері жеңісті жұлып әкетті - 3:2. "Қайрат" сапынан Денис Поляков пен Айбол Әбікен алаңнан қуылып, алматылықтар матчті тоғыз ойыншымен аяқтады. Бірінші матчте 0:0 есебі тіркелген болатын.
"Өкінішке қарай, біз өзімізге қолайлы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты мен бас бапкер қызметінен кетуге шешім шығардым. Клубқа маған сеніп артып, негізгі құрамның бас бапкері ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі үшін алғыс айтамын", - деп келтірді Кекердің сөзін клубтың баспасөз қызметі.
Енді бас бапкер міндетін Артем Гавриленко атқарады.
Айта кетейік, еурокубок алматылық клуб үшін біткен жоқ - енді олар Конференция лигасының плэй-офф кезеңінде ойнайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также