"Қайрат" клубы "Астананы" ойсырата жеңді

© fckairat.com

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы матчте "Астананы" 3:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының алтыншы турындағы матчте "Астананы" 3:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын 4 қазанда Алматының Орталық стадионында өтті.

Алғашқы голды "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов 24-минутта салды. Қырғызстандық легионер бірінші соққысында допты қақпашыға тигізді, алайда соңына дейін жеткізуге тырысқан ол допты қақпаға салды.

Реклама
Реклама

Екінші таймның 47-минутында Айбол Әбікен командасының есебін еселеді, ал екі минуттан кейін "Астана" қорғаушысы Урош Радокович Алиқұловтың соққысына төтеп беремін деп допты өз қақпасына теуіп жіберді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама