"Қайрат" қорғаушысы Еуропаның топ-чемпионатына ауысуы мүмкін

Фото: "Қайрат" ФК

"Қайрат" пен Армения құрамасының 28 жастағы қорғаушысы Камо Оганесян карьерасын Еуропадағы топ-чемпионаттардың бірінде жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Қайрат" пен Армения құрамасының 28 жастағы қорғаушысы Камо Оганесян карьерасын Еуропадағы топ-чемпионаттардың бірінде жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бұл туралы армениялық танымал фотограф Грач Хачатрян Twitter-парақшасында жазды. Ол армениялық футболшыларға қатысты инсайдерлік ақпараттарды жиі айтып тұрады. "Астана" қорғаушысы Вараздат Ароянның испаниялық "Кадиске" ауысатынын да Хачатрян бірінші болып хабарлаған еді. 

Камо Оганесяннің алматылық "Қайратпен" келісімшарты 2021 жылы желтоқсанда бітеді. Осы маусымда Премьер-лигада ол 13 матч өткізіп, екі гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама