19 қараша 2016 17:33

"Қайрат" пен "Астана" командалары қарлы күні Қазақстан Кубогына таласты

"Астана" командасы футболдан Қазақстан кубогының финалында алматылық "Қайратты" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар арасындағы кездесу бүгін, 19 қарашада Алматыда өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" командасы футболдан Қазақстан кубогының финалында алматылық "Қайратты" жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Командалар арасындағы кездесу бүгін, 19 қарашада Алматыда өтті.

Қолайсыз ауа райы футболшылардың бүгінгі кездесуіне кедергі келтірді, себебі матч кезінде тоқтаусыз қар жауып тұрды. Бірінші таймда "Астана" командасының ойыншылары қақпаға бір соққы жасай алса, "Қайраттың" футболшылары бес соққы жасай алды.

Реклама
Реклама

Ойынның екінші таймында есепті "Астана" командасының футболшылары ашты. Джуниор Кабананга шапшаңдылық танытып, матчтың 47-минутында есеп ашты.

Өз кезегінде гол соқтырып алған "Қайрат" командасының футболшылары ұпайларын қайтарып алу үшін допқа иелік ете бастады. Бірақ ойын соңында кестедегі сандар өзгеріссіз қалып, кездесу елордалықтардың пайдасына 1:0 есебімен  аяқталды.

Осылайша, "Астана" командасы тарихта үшінші рет Қазақстан Кубогын (2010, 2012 жылдары) жеңіп алды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram