ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 30 қыркүйек 2025 09:28
“Қайрат“ - “Реал“ матчі: қай көшелер жабылады?
Алматы полициясы бүгін жол қозғалысы шектелетінін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық футбол матчі қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшкен.
"Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін", - деді полиция.
Алматы Полиция департаменті 16:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелетін үш учаскені көрсетті:
- Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
- Сәтбаев көшесі — Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
- Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу