Алматылық "Қайрат" "Селтикті" жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Қазақстандық клуб шешуші соққылар видеосын бөлісті. Роликте матчтегі барлық пенальти мен ойыншылар реакциясы көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрлар "Қайраттың" Instagram-парақшасында жарияланды.
"Қайрат" Чемпиондар лигасында
Еске салайық, "Қайрат" пен глазголық "Селтик" арасындағы жауапты матч Алматыда "Орталық" стадионда өтіп, негізгі уақытта тең аяқталды (0:0). Екі ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмаған соң, ойын қосымша уақытқа ұласты, кейін пенальти сериясына өтті.
"Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетті. 11 метрлік нүктеден Александр Мартынович, Офри Арад және Егор Сорокин гол соқты.
Алайда матчтың басты сенсациясы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков болды. Ол бүкіл ойында қақпаны қорғап қана қоймай, қарсылас командасының үш пенальтиін қайтарды. Ол Адам Айда, Люк Маккован және Дайдзен Маэданың соққыларын өткізбей, тарихта алғаш рет үш пенальти қайтарған қазақстандық қақпашы атанды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!